Санкт-Петербургская общественная организация "Общество памяти игумении Таисии"
Праволавная литература, богословие, богослужебные книги, акафисты
191144
Россия
Санкт-Петербург
Санкт-Петербург
ул Кирилловская, 11
+7 (812) 710 37 30
Назад в раздел
И.А. Глухов


И.А. Глухов

Иван Александрович Глухов (1927–1999) Тульск облысында, Суворов ауданының Кулешово ауылында қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген және ол православиелік діни наныммен, қарапайымдылықпен, еңбекқорлықпен және адамдарға деген жақсы қарым-қатынаспен тәрбие алып өскен. Оның тұлға болып қалыптасуына өмір бойы жақсы көріп, сыйлап өткен оның анасы Евдокия Сергеевна ықпал етті. 30-жылдары отбасы Мәскеуге көшті, онда Иван 1945 жылы мектепті бітіріп, 1948 жылы құрылыс техникумына оқуға түсті, оны бітіргеннен кейін мәскеулік тұрғын басқармасында техник қызметін атқарған. Ол Алексеевское ауылындағы Тихвинск шіркеуіне барып тұратын және мехрабта қызмет ететін.

Діни білімді алу мақсатында И.А. Глухов 1951 жылы, Мәскеу Рухани Академиясына оқуға түседі де, 1955 жылы оны жақсы аяқтайды. Осыдан кейін ол Мәскеу Рухани Академиясына тіркеледі және оны 1959 жылы аяқтап, діни кандидат дәрежесін алады. Оның дипломдық шығармасы «Жамандық пен оның пайда болуы туралы христиандық наным» тақырыбында жазылған. Академия Кеңесінің шешімімен И.А. Глухов Академияда профессор степендиаты ретінде қалдырылды және инспектор көмекшісі етіп тағайындалды. Семинарияда ол катихизис дәрістерін, Орыс Шіркеуінің тарих дәрісін бере бастады, ал 1972 жылы Академияда секта өткізу дәрісін жүргізді. Осы жылы оның доцент дәрежесі расталды.

И.А.Глухов өз еңбектері үшін киелі патша Владимирдың ІІІ дәрежелі ордендерімен, Сергей Родонежскийдің ІІ және ІІІ дәрежелі ордендерімен және Патриаршаның мақтау қағазымен марапатталды. 1955 жылы ол Киелі Жерге қажылық жасады. Соңғы жылдары ол Мәскеулік Барлық Киелілердің үлкен шіркеулерінің қатысушысы болды, сол шіркеуде ол қайтыс болғаннан кейін оған жоқтау айтылды; Иван Александорович Благощенск ауылында жерленді.

И.А. Глухов қатал талапкер мұғалім болды, ол мықты білім беруге ұмтылды және емтихандарды қатаң түрде қабылдайтын. Осылайша, Киелі Жазбаның бірнеше жүздеген жазуларын жатқа білу қажет болатын. Оның семинариядағы бірінші курста берген Катихизис пәні негіздердің негізі, православиелік танымды қалыптастырудың негізі болып табылатын сүйікті пәніне айналды. Оқушылар оның пәнін жол жүру ережесімен салыстыратын, оны жақсы біле отырып, қиын өмір саяхатына еш нәрседен қорықпай өтуге болатынын білген. И.А. Глухов тыңдармандардың рухани ағартушылық, олардың жақсы қасиеттеріне сүйене отырып және Шындыққа бағыттай отырып өзінің лекцияларының мәнін аңғарған. Ол әр кезде киелі ұстанымда болған, ол әсіресе оның экументистер мен басқа конфессия өкілеттерімен жүргізген сұхбаттарында байқалады. И.А. Глухов лекцияларын тыңдағандар оны кең эрудициялы және өзінің білімімен студенттермен бөлісетін, назар қойғыш және көмек беруші керемет ағартушы ретінде еске түсіреді.

Оқырманға ұсынылып отырған «Православиелік катихизис» православиелік нанымды тануға деген ашылған жетекшілігі болып табылады және ол сенім, үміт пен махаббатқа талпындырады. Христиан дінін тану Сенім белгісінде қысқаша айтылған. Онда фокустағыдай барлық негізгі христиан шындықтары енгізілген. Христиан үміті туралы таным дұғаларында, әсіресе, «Біздің әкеміз» атты Құдай дұғалары мен Рақаттың парызында. Христиан махаббаты туралы таным Құдай Заңы немесе Он дұғада берілген.

И.А. Глуховтың «Православиелік катихизис» атты шығармасы Православиелік негізде, киелі шығармашылыққа қатаң сәйкес келетін өсиет болып табылады, сонымен қатар онда автор тұлғасының тереңдігі, оның Құдайға деген сенімі, үміті мен махаббаты, оны өзінің аудиториясында оятуға және нығайтуға деген құштарлық айқын көрінеді.



Другие книги этой категории:

  • English English
    Orthodox Catechism
     
  • Deutsch Deutsch
    Orthodoxer Katechismus
     
  • Italiano Italiano
    La Catechesi ortodossa
     
  • Español Español
    El Catecismo Ortodoxo
     
  • Svenska Svenska
    Den Ortodoxa Katekesen
     
  • Suomi Suomi
    Ortodoksinen katekismus
     
  • Български Български
    Православен катехизис
     
  • Magyar Magyar
    Pravoszláv katekizmus
     
  • Ελληνικά Ελληνικά
    Ορθόδοξη κατήχηση
     
  • Română Română
    Catehismul ortodox
     
  • Eesti Eesti
    Õigeusu katekismus
     
  • Українська Українська
    Православний катихiзiс
     
  • Беларуская Беларуская
    Праваслаўны катэхізіс
     
  • ქართული ქართული
    მართმადიდებლური კატეხიზმო
     
  • հայերեն հայերեն
    Ուղղափառ կատախիզիս
     
  • Azərbaycan Azərbaycan
    Pravoslav katixizisi
     
  • Лезги Лезги
    Православидин катихизис
     
  • Нохчийн Нохчийн
    Керстанан катихизис
     
  • Қазақ Қазақ
    Православилік катихизис
     
  • Кыргыз Кыргыз
    Православ катихизис
     
  • Чӑваш Чӑваш
    Православи катехизисĕ
     
  • Татар Татар
    Православие катихизисы
     
  • Башҡорт Башҡорт
    Православие ҡатихизисы
     
  • Буряад Буряад
    Үнэн алдарта шажанай катихизис
     
  • kalmyk kalmyk
    Үнн алдртын сурһалин чимг
     
  • Саха Саха
    Православнай катихизис
     
  • فارسی فارسی
    اصول و تعاليم مسيحيت ارتدوكس
     
  • 한국어 한국어
    정교회 교리서
     
  • Việt Việt
    Sách giáo lý Chính thống giáo